ЖОБА ЖАЙЛЫ

ASSYLTAS қоғамдық қорының жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында ұйымдастырылып отырған ASSYLTAS бизнес гранты жобасы 2021 жылдың қаңтар айынан бері ұйымдастырылып келе жатыр. Қоғамдық қордың басты мақсаты – Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуына үлес қосу. Жобаға Қазақстан Республикасының барлық өңірінен 18 бен 35 жас аралығындағы азаматтары қатыса алады.

ЖОБА КЕЗЕҢДЕРІ

  1. ПРЕЗЕНТАЦИЯ
  2. БЕЙНЕРОЛИК ТҮСІРУ
  3. САУАЛНАМАНЫ ТОЛТЫРУ
  4. СҰХБАТТАСУ
  5. МАРАПАТТАУ

Конкурсқа қатысу үшін кәсібіңіз жайлы прентация әзірлеу қажет. Презентация мәнді, мағыналы, нақты кәсібіңіздің жұмыс процесін, қоғамға пайдасын, бизнес грантты қай бағытта жұмсайтындығыңызды, жобаның нарықтағы өзектілігін, қауіп-қатер есебін, болашақтағы көрінісін толықтай сипаттап жазу қажет.

Кәсібіңіз жайлы бейнеролик түсіру қажет. Бейнероликтің сапасына аса назар аударылады. Өндірілетін өнім немесе тауар жайлы айтуыңыз қажет. Жұмыс барысын көрсету қажет. Видео сапалы әрі мағыналы болуы тиіс.  Ұзақтығы 3 минут. (Мысал ретінде @assyltas_foundation инста парақшасы, https://www.instagram.com/p/CK-5yyIASbo/ ).

Біз ұсынған Excel кестеде табыс және шығын көзін толыққанды толтырып, нұсқау қажет. (файлды төменнен жүктеп аласыз). Кестеде кәсібіңіздің соңғы 6 айдағы табыс мөлшері, өндіріс барысында жұмсалған шығындар, өзіңіз жайлы толық сауалнаманы толтыруыңыз қажет. Жобаңыз тікелей кесте көрсеткішіне байланысты.

Жобаны қорғау сұхбаттасу форматында өтеді. Кәсібіңізді ұсынған бизнес жоспарыңыз бойынша қорғау үшін 3 минут уақыт беріледі. 3 минутта сіз нақты біз ұсынған грант соммасын қайда жұмсайтыныңыз туралы мағлұмат беруіңіз қажет. Кейін қазылар алқасының сұрақтарына жауап беруіңіз қажет. Жұмысты қазылар алдында қорғау тек ақтық сынға өткен үміткерлерге қатысты.

Марапаттау рәсімі Алматы қаласында, офлайн форматта өтеді.

БАЙЛАНЫС НӨМІРЛЕРІ: 7788 (ҚОҢЫРАУ ШАЛУ ТЕГІН)

+7 747 416 70 42

Жұмыстарды қабылдайтын пошта мекен-жайы: 2021grant@mail.ru