Дулат Тастекеев өзі туған Тарбағатай ауданының ең жас құрметті азаматы атанды. 39 жастағы Дулат Тұрсынұлына марапатты ШҚО, Тарбағатай ауданы әкімі Асхат Сайдахметұлы ASSYL DOMBYRA 2021 ақындар айтысының финалы кезінде арнайы табыстады. Мұндай атаққа Дулат Тастекеев  әбден лайық, өйткені меценаттың туған ауылына жасап жатқан игі істері жетерлік. Ақсуат пен Екпін ауылдарына екі мешіт, футбол…

ТОЛЫҒЫРАҚ

2021 жылдың 9 қыркүйегінде АSSYLTAS қоғамдық қорының қолдауымен  ШҚО, Тарбағатай ауданы, Екпін ауылында төрт отбасы  баспаналы болды. Жалпы аумағы 90 шаршы метрді құрайтын үйлер жағдайы төмен, көп балалы, аз қамтылған жанұяларға ресми түрде табыс етілді. Қуанышқа кенелгендердің арасында жалғызбасты аналар Көкөкзова Майра мен Алпысбаева Айжан, көпбалалы Әмірханов Сұңқарбек және жалғыз өзі бірнеше баланы тәрбиелеп отырған…

ТОЛЫҒЫРАҚ

1-қыркүйек  «Білім күніне»  орай,   ASSYLTAS  қоғамдық қоры «Алтын ұя» жобасы аясында  Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектепке барып қайтты.  Бұл — ерекше күн, балалар үшін өзінше мейрам. Әлемдік пандемия кесірінен онлайн жүйеде сабақ оқыған оқушылар биыл қайта мектеп табалдырығын аттап ерекше сезімге бөленді. Асылтас қоғамдық қоры да бұл күннің санада сақталуына біршама  үлесін қосты. …

ТОЛЫҒЫРАҚ

Республикалық  «100 өлең»  көркемсөз оқу байқауы  2021

  «Асылтас» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен екінші мәрте өткізіліп отырған  Республикалық көркемсөз оқу байқауы өз мәресіне  жетті. 2020 жылы алғаш өткізілген бұл шарада Шығыс өлкесінің азаматы Едіге Қайыртайұлы жеңіске жетіп, бас жүлде қорындағы автокөлікті  тізгіндеген болатын.  Биылғы жыл өзгерек. Себебі 100 күнде 100 ақынның 100 өлеңін жаттап іріктеу кезеңіне 500-ге жуық сайыскерлер өтініш білдіріп, арасынан…

ТОЛЫҒЫРАҚ

«ASSYL DOMBYRA» республикалық ақындар айтысының төртінші іріктеу кезеңі

   Шілде айының 25 жұлдызында  «ASSYL DOMBYRA» республикалық ақындар айтысының кезекті іріктеуі аяқталды. Алматы қаласы, «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Қазақстанның әр аймағынан келген 26 ақын 13 жұпқа бөлініп бақ сынасып, Ақсуатта өтетін финалға 18 ақын жолдама алды.  Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында финалда кездесетін азулы ақындар: Мейірбек Сұлтанхан, Қазірет Бердіхан, Шалқарбай Ізбасаров,…

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оралдағы ASSYL DOMBYRA айтысы

ASSYLTAS қорының демеушілігімен, Қадыр-Мырза-Әли орталығының және Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының қолдауымен Тәуелсіздіктің  30 жылдығы аясында және  ақын Жүрсін Ерманның 70 жылдық мерейтойына арналған  ASSYL DOMBYRA  ақындар айтысының үшінші іріктеу кезеңі Орал қаласында өтті.  Бұл жолы 14  ақын сынға түсіп, қазылар алқасының  шешімімен, 10 ақын келесі кезеңге жолдама алды. Олар: Бауыржан Ширмединұлы,  Абзал…

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сәуір айындағы бизнес грант жеңімпаздары анықталды.

    Сәуір айында «ASSYLTAS»  бизнес гранты  үш кәсіпкерге табысталды. Себебі,  наурыз  айында сұхбат барысында ешқандай жоба қазылардың көңілінен  шықпағандықтан,  жеңімпаз анықталмаған еді. Енді осы  айда үш бірдей кәсіпкерге бұл бақ бұйырған екен.  1 миллон теңге көлеміндегі  қайтарымсыз грант иегері  — Салтанат Жәпішева, қуыршақ театырының  әртісі, аниматорлық сала бойынша кәсібін өрлетуді көздейді. Екіншісі,  Талдықорған…

ТОЛЫҒЫРАҚ

ASSYL DOMBYRA ақындар айтысының екінші кезеңі өтті

  Сәуір айының 24-ші  жұлдызында  Қаскелең қаласының мәдениет үйінде  «ASSYL DOMBYRA» айтысының  екінші кезеңі болып өтті.  Әлемдік пандемияға байланысты шектеу шаралары болғандықтан көрерменсіз өткен аламан  доданы Assyltas tv  youtoube  арнасы   халыққа тікелей трансляция жасады. Осы кезеңде де ақындар жеребе арқылы таңдалды.  Айтысқа қатысқан 16 ақынның 8-і келесі кезеңге жолдама алды. Олар: Мұхтар Ниязов,  Шұғайып…

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Өте маңызды» кітабының тұсаукесерінен…

  Сәуір айының 23 жұлдызында «Ариал» гольф клубында Дулат Тастекейдің «Өте маңызды»  атты кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Салтанатты кеште   бизнес саласындағы әріптестер мен жас кәсіпкерлер, баспасөз және шоу-бизнес өкілдері  бас қосты.  Бұл шара халықаралық кітап мерекесімен тұспа-тұс келгендіктен түрлі туындылардың авторларын табуға арналған сұрақтар қойылып, бағалы сыйлықтар ұсынылды. Рамазан айының жұмасы күнгі кітаптың…

ТОЛЫҒЫРАҚ