Кітап жарық көрді

                  Белгілі кәсіпкер, TAS Group компаниялар тобының құрылтайшысы  Дулат Тұрсынұлының «Өте   маңызды» атты кітабы жарық көрді. Қаржы нарығында елеулі ойыншыға айналған бизнесмен 11 жылдық тәжірибесімен, өмірлік көрген-түйгенімен  осы кітап арқылы бөлісуді жөн көрген. Бұл еңбекті жазу, оны жарыққа шығару үнемі әлеуметтік желі арқылы кері байланыста болған оқырмандарының сұрауынан…

ТОЛЫҒЫРАҚ

Семей қаласында мешіт ашылды

                 ASSYLTAS  қорының қолдауымен салынған  Семей қаласындағы мешіт  2021 жылдың  22 наурызында салтанатты түрде ашылды.  Қала халқының  15 жылдан бері күткен арманы орындалды. Осыншама жылдар араға салып, құрылысы жүрмей қалған ғимараттың жауапкершілігін TAS Group копаниясының құрылтайшысы Дулат Тастекеев басшылыққа алған болатын. Уәде бергендей  пандемияға қарамастан екі жылда…

ТОЛЫҒЫРАҚ

Екі отбасына құрмет көрсетілді

«ASSYLTAS»  қоғамдық  қоры  жыл сайын «Берген қол алған қолдан қайырымды» ұранымен түрлі шаралар ұйымдастырып,  көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын береді. Сондай жобаның  бірі  — «Алып анадан туады». Биыл «ASSYLTAS» қоғамдық қоры 2021 жылы тағы да 21 анаға құрмет көрсетуді бастады.  «Күміс алқа»,  «Алтын алқа»  иегері болған аналарға инстаграм парақшасында қалдырған байланыс нөмерлері арқылы хабарласып,…

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақтың  — Қыз Жібегі

  Қазақтың — Қыз Жібегі, сұлулықтың символына айналған тарихи тұлға  Меруерт Өтекешова  25 ақпанда 70 жасқа толды.  Аталмыш мерейтойдың құрметін орай  ASSYLTAS  қоғамдық қоры деректі фильм түсірді.  Наурыз айының алғашқы аптасында көрермен назарына жол тартқатын бұл фильм Меруерт Өтекешованың  театр сахнасының сырты мен ішінде  ұласып жатқан өмірі жайында сыр шертеді.  Қазақтың Қыз жібегіне  көрсеткен…

ТОЛЫҒЫРАҚ

«ASSYLTAS» БИЗНЕС ГРАНТЫ: НАУРЫЗ АЙЫНА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

АSSYLTAS қоғамдық қоры Қазақстандағы жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында ұйымдастырып отырған «ASSYLTAS» бизнес гранты конкурсы жайлы хабарлайды! Құрметті достар! Конкурс 2021 жылдың соңына дейін, әрбір айдың 5 жұлдызы мен 25 жұлдызы аралығында, конкурстық негізде ұйымдастырылады. Конкурсқа қатысу үшін өзіңіздің кәсібіңіз немесе стартапыңыз жайлы жүйелі бизнес жоспар мен 1-3 минуттық бейнеролик дайындау қажет. Біз басымдық беретін…

ТОЛЫҒЫРАҚ

«ASSYL DOMBYRA»  кімге бұйырмақ?

    «ASSYLTAS» қоғамдық қоры жаңа жобаны қолға алды. Ақпан айының 13 жұлдызында Алатау дәстүрлі өнер театрында «ASSYL DOMBYRA» атты республикалық ақындар айтысын ұйымдастырды.  Сөз бәйгесі Жүрсін Ерманның 70 жас мерейтойының құрметіне арналды.   Әділқазы алқасы азулы 16 ақынның ішінен 9 айтыскерді келесі айналымға іріктеп алды. Бұл ақындардың бірінші легі болатын. Енді сәуір және…

ТОЛЫҒЫРАҚ

2021 жылғы Assyltas стипендианттары анықталды

2021 жылғы ASSYLTAS стипендианттары анықталды. Бір ай бұрын ASSYLTAS қоғамдық қоры өзінің ресми сайтында 4 номинацияда үміткелерге дауыс беру басталғанын хабарлаған. 100 мыңнан астам адам  дауысын өзі таңдаған кандидатқа бергеннен соң, бірінші кезеңде ең көп дауыс жинаған алты үміткердің үшеуі екінші кезеңге өтіп,  ары қарай 20 сарапшының берген ұпайларының нәтижесінде жеңімпаздар белгілі болды. Журналистикада…

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Тарихқа толы Тарбағатай» альманахы бесінші томының тұсаукесері өтті

Алматыда «Тарихқа толы Тарбағатай» альманахы бесінші томының тұсауын кесілді. Ұлттық кітапханада өткен жиынға альманахқа қатысы бар авторлар, зиялы қауым өкілдері жиналды.  2016-2020 жылдар аралығында Тарбағатай өлкесінің энциклопедиясына айналған жинақта Тарбағатай аймағының тарихына, кешегісі мен бүгініне қатысты барлық жайттар жайында, ғылыми еңбектер, мақалалар мен өлең-жырлар топтастырылады. Жаңа бесінші томға 29 автор мақала берген. Олардың арасында…

ТОЛЫҒЫРАҚ

«100 өлең» байқауының жеңімпазы көлік мінді

6-қараша күні Алматыда «100 өлең» республикалық көркемсөз оқу сайысы мәресіне жетіп, театр әртісі Едіге ҚАЙЫРТАЙҰЛЫ топ жарды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға қатысуға бастапқыда 57 адам өтініш білдіріп, онлайн іріктеуден 15 қатысушы Алматыда өткен финалдық кезеңге жолдама алған. Сайыс Жазушылар Одағында  5 сағатқа жуық уақытқа созылып, өте тартысты өтті.  Бірінші кезеңде әр қатысушы қоржыннан 5 өлең…

ТОЛЫҒЫРАҚ

Рүстем Қайыртайұлына арналған деректі фильм жарық көрді

Алматыда ASSYLTAS қоғамдық қорының ұйытқы болуымен  белгілі ақын, «Алтын домбыра» иегері Рүстем Қайыртайұлы туралы түсірілген деректі фильмнің тұсау кесері өтті. Туынды «Ақсуаттың ақтаңгері» деген атау алған. Фильмде ақынның өнердегі жолы, бозбалалықпен басынан өткен жағдайлары көрініс тапқан. Деректі фильм Алматы, Қапшағай қалалары мен ақынның өзі туған ШҚО, Үштөбе ауылында түсірілген. Айтыскер ақын деректі фильмнің тұсаукесеріне…

ТОЛЫҒЫРАҚ